28
ноябрь
2023
"Ақыл айтпа, жол көрсет","Бала қалай бейімделеді"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде "Ата - аналарды қолдау орталығы" ата-аналарға арналған "Ақыл айтпа, жол көрсет", "Бала қалай бейімделеді" тақырыптарында 5 - 8 сынып оқушыларының ата-аналарымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Л.Тоқбергенова, тарих пәнінің мұғалімі Г.Өмірбекова, информатика пәнінің мұғалімі Ж.Рапылова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумагулованың ұйымдастыруымен сабақ өткізілді. Сабақта ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, жауапкершілік, шығармашылық, ашықтық мінез- құлықтары айтылды. Ата - аналарға "Мен балаға қалай көмектесе аламын" тақырыбында тренинг өткізілді. Чек парақтар арқылы ата-аналарға жаднама таратылды. Қалай жақсы ата-ана болу керек және кедергі келтіретін жақтары қаралды. Ата - аналар қызығушылық көрсетіп, белсенділік танытты. Сабаққа 15 ата-ана қатысты. Мақсаты: Ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. 5 -8 сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету.
2. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту.
3. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру.
и ещё 2