25
январь
2024
"Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде " Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы" 1-4 сынып ата- аналарына арналған "Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады" атты сабақтың өткізілуін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Д.Джумагулованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері Г. Джаугашова, А. Хасанова, Ғ.Алибаева өткізді.
Мақсаты: ата- аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту. Бүгінгі өткен сабақ ата- аналарға жақсы әсер қалдырды. Ата - аналар сабақ соңында сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, сабақ өткізген ұстаздарымызға жылы лебіздерімен, ізгі тілектерін білдірді
25.01.2024ж