03
январь
2024
"Сен жанбасаң лапылдап"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде "Ата - аналарды қолдау орталығы" ата-аналарға арналған "Сен жанбасаң лапылдап" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумагулованың ұйымдастыруымен, директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.Исабекова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Тоқбергенова, кәсіптік бағдар берушы Г.Акжолова, педагог-психолог М.Теберикова сабақ өткізді.
Оның негізгі мақсаты - балаға мамандық таңдауда ата-аналарға көмек беру арқылы мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, білім сапасын арттыру, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Сабаққа 15 ата- ана қатысты. Сабақ соңында белсенділік танытқан ата - аналар марапатталып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.