25
январь
2024
"Бұлақ көрсең, көзін аш"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде "Ата - аналарды қолдау орталығы" ата-аналарға арналған "Бұлақ көрсең, көзін аш" Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз тақырыбында 5 - 8 сынып оқушыларының ата-аналарына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумагулованың ұйымдастыруымен, математика пәнінің мұғалімі Г. Тиликбаева, бейнелеу пәнінің мұғалімі Қ.Тұрлыбек, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Тоқбергенова, музыка пәнінің мұғалімі Г. Сатимбекова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Атшабарова сабақ өткізді.
Мақсаты - ата- аналардың баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру. Ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, білім сапасын арттыру, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Сабақ соңында талқылау сұрақтары беріліп, ата - аналар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Белсенділік танытқан ата - аналар марапатталып, сабақ өткізген ұстаздарымызға өздерінің ризашылықтарын білдірді.
25.01.2024ж