28
ноябрь
2023
"Баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде Ата - аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен "Білімдіге дүние жарық" тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата - аналарымен бастауыш сынып мұғалімі Д.Ағыбаева, А. Қуатбекова қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Тоқбергенова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумагулованың ұйымдастыруымен екінші сабағы өткізілді. Таным қуанышы: "Баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?"- деген тақырыптар бойынша ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прогматизм, эвристикалық, еркіндік деген ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер айтылды. Сонымен қатар ата -аналар бірнеше тапсырмалар орындап, бейнероликтер көріп, өз көзқарастарымен бөлісті. Ата- аналармен өткізілген сабақ қызықты, әрі нәтижелі болды.
Мақсаты: Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту.