02
апрель
2020
Жиналыс «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?»
А.Дәулетбеков атындагы орта мектебінде 2020 жыл 02 сәуір күні пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында мектебімізде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша бірыңғай ата-аналарға қашықтықтан жиналыс өткізілді. Жиналысқа 322 ата-ана қатысты. Жиналыс «Біздің мектепте қашықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?» тақырыбында өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселер қаралды: Ата-аналарға сыныптағы оқу процесі қалай ұйымдастырылатыны, қашықтықтан оқыту режимі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақталатыны туралы түсінік беру, пандемия кезеңінде короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу, карантин ережесімен таныстыру, ІІІ тоқсан қорытындысы және ата-аналар сұрақтарына жауап беру. Жиналысқа мектеп директоры, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілер қатысты. Ата-аналарға қашықтықтан оқытудың жүргізілу тәртібі туралы толық ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп, балалардың келешегі, білім алуы үшін бірлескен түрде жұмыс жасау маңызды екені айтылды.
#бізбіргеміз #үйдебол.



#бізбіргеміз #үйдебол.




