20
октябрь
2023
«Баланың бас ұстазы- ата-ана», «Позитивті тәрбие»
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте 20 қазан күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы» бойынша 5-8 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланың бас ұстазы- ата-ана», «Позитивті тәрбие» тақырыптарында 1 сабақ өткізілді.
Сабақ өткізген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумагулова, математика пәні мұғалімдері Г.Тиликбаева, М.Шығанбай, биология пәні мұғалімі Ж.Баймағамбетова.
Сабақтың мақсаты: Позитивті ата-ана болудың мәнін, қағидаттарын және дағдыларын игеру арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.