28
март
2024
"Мұны қыздар білуге тиіс"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде Д. Джумагулованың ұйымдастыруымен "Даналық мектебінің" жоспарына сәйкес "Жеңгелер" клубының мүшесі М. Ахметованың жетекшілігімен қыздардың дәстүрлі отбасындағы тәрбиеге ықпалды жеңгелер мектебінің жұмыстарын келіндердің педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы қыз баланы тәрбиелеудің этнопедагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында "Мұны қыздар білуге тиіс" тақырыбында интерактив сабақ өтті. Сабақ барысында жеңге мен қызға қатысты мақалдар жасырылып, әндер шырқалды.