21
май
2021
Азаматтық қорғаныс
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінің Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес, АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ғ. Байболаттың ұйымдастыруымен 21.05.2021 жылы тактикалық оқу -жаттығуы өткізілді. Тактикалық оқу жаттығуына ауылдық дәрігерлік пункт фельдшері Р. Өмірәлиев, Талас аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің жедел құтқару жасақ қызметкері Е. Мейірбек қатысты. Жаттығу жоспарына сәйкес, үлкен үзіліс уақыты сағат 11.00 дабыл белгісі берілді, мектеп оқушылары мен оқытушылар құрамы және техникалық қызметкерлері түгелдей қауіпсіз аймаққа 5 минут уақытта шығарылды. Сонымен қатар мектеп ғимаратының жоғарғы қабатында қалып кеткен жараланған адам шығарылып, фельдшер Р. Өмірәлиев алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ретімен таныстырып, көрсетіп өтті. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жедел құтқару жасақ қызметкері Е. Мейірбек оқушыларға өрт сөндіру құралдарымен қалай жұмыс істеу керектігін және судағы қауіпсіздік ережесі бойынша түсіндіріп, төтенше жағдайлар кезінде 01 және 112 номеріне хабар беру керектігін баяндап берді. Жалпы тактикалық оқу жаттығу барысында ғимараттан 265 оқушы мен 54 қызметкер шығарылды.








