29
декабрь
2023
"Ырым-тиым - әдептілік негізі"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде Д. Джумагулованың ұйымдастыруымен "Даналық мектебінің" жоспарына сәйкес, "Әже даналығы" клубының "Ырым-тиым - әдептілік негізі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Г. Альменованың жетекшілігімен ауылымыздың ақ жаулықты әжелері шақырылып, тұжырымды ой-пікірлер айтылды. Ұмытылып бара жатқан ырым-тиымдар жайлы сөз қозғалды. Ардақты Ұлтуар әжеміз, Гүлмира әжеміз, Заған және Сымбат әжелеріміз инабатты, әрі ізетті ұрпақ өсіру үшін ырым-тиымдарды үнемі айтып отыру керектігін айтып өтті