20
март
2024
“Ақылшы ене-ибалы келін”
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумагулованың ұйымдастыруымен 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Ақылшы ене-ибалы келін” тақырыбында сайыс өткізілді.
Сайысты өткізудегі мақсатымыз: Ұлттық құндылығымызды дәріптеу, Отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, халқымыздың ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін насихаттау. Әр отбасындағы ене мен келін орнының маңызын, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру, халқымыз ежелден қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Себебі қыз бала, ең алдымен, ұлтымыздың айнасы. Болашақ ана. Бір шаңырақтың берекесін келтірер сүйікті келін. «Келін – ененің топырағынан» дейді дана халқымыз. Расында, отбасының ұйытқысы ене мен келін арасындағы мызғымас қарым-қатынаспен, сыйластықпен тығыз байланысты.