06
октябрь
2023
«Дублер күні»
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте Мұғалімдер күніне орай «Дублер күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектептегі өзін-өзі ұйымдастыру жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны 5-11 сынып оқушылары өткізіп, аталған жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып шықты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі ролінде ойнаған оқушылар ұстаздардың жұмысының қаншалықты ауыр әрі маңызды екенін түсініп, аталған жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Қорытындылай келе, Іс-шаралардан кейін ұстаздарына алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдірді. Керемет іс-шараны ұйымдастырған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дина Ақшорақызына және тәлімгер Шынар Берікқызына алғыс білдірді.