Нормативтік құжаттар
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10348 тіркелді
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшағасәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшағасәйкес негізгі орта білім туралы куәліктің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшағасәйкес негізгі орта білім туралы үздік куәліктің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшағасәйкес негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшағасәйкес білім туралы куәліктің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшағасәйкес жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшағасәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшағасәйкес Алтын белгі жалпы орта білім туралы аттестаттың нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшағасәйкес жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшағасәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшағасәйкес техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшағасәйкес екі тілде техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшағасәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшағасәйкес орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшағасәйкес екі тілде орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшағасәйкес кәсіптік даярлау туралы куәліктің нысаны;
17) алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.08.2015 № 512(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшағасәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшағасәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшағасәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшағасәйкес біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшағасәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшағасәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшағасәйкес резидентураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшағасәйкес интернатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшағасәйкес клиникалық ординатураны бітіргені туралы куәліктің нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшағасәйкес үш тілде дипломға қосымшаның нысаны;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшағасәйкес магистр дипломына куәліктің нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшағасәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшағасәйкес профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшағасәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшағасәйкес кандидат ғылыми дәрежесі берілетін дипломның (қайта аттестаттау) нысаны;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшағасәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшағасәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшағасәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.08.2015 № 512(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2016 № 104(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.11.2016 № 655бұйрықтарымен.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов