Іс-шаралар » Страница 8 » СШ А.Даулетбеков
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош келдің әз- Наурыз!"
25
апрель
2024
"Қош келдің әз- Наурыз!"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектеп кітапханасында барлық сынып окушылары бекітілген кесте бойынша үзілісте, оқырман залына келіп" Пазл" құрастырып жарысты.Бастауыш сынып оқушылары және   7-8-9 сынып оқушылары 14 минут ішінде "Қош келдің әз- Наурыз!" тақырыбында  суреттегі бейнесін қатесіз құрастырып шықты,жақсы нәтиже көрсетті. Көрсеткіш оқушылардың ой- өрісі, логикалық даму деңгейлері жоғары деңгейде екенін білдіреді.
"М. Х. Дулати туындыларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар"
24
апрель
2024
"М. Х. Дулати туындыларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде ДТІЖО Д. Джумагулованың ұйымдастыруымен тарихшы, әдебиетші М. Х. Дулатидің 525 жылдығына орай тарих пәнінің мұғалімі Г. Өмірбекованың жетекшілігімен Дулатидің жалпыадамзаттық құндылықтарға қатысты терең философиялық ой-пікірлерінің арналарын, салаларын ашып көрсету мақсатында "М. Х. Дулати туындыларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар" тақырыбында семинар өткізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!»
23
апрель
2024
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!»
ҚР Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты барлық білім беру мекемелері қолдаймыз!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Майтөбе ауылындағы Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны бастау алған болатын. Ауқымды акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атаумен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға
Ұлттық сезім   қалыптастыру, тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын бағалау,
23
апрель
2024
Ұлттық сезім қалыптастыру, тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде ДТІЖО Д. Джумагулованың жетекшілігімен оқушылардың бойына ұлттық сезім қалыптастыру, тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын бағалау, ұлттық тағамдар жайлы толық ақпарат беру мақсатында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 2-10 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді
жастарды кітап оқуға баулу
23
апрель
2024
жастарды кітап оқуға баулу
Амантай Дәулетбеков мектебінде мектеп кітапханашысы А.Сералиеваның ұйымдастыруымен 23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай  оқушыларға, ата-аналар ,атап айтсақ Джумағулов О,Кемелова Л. өздеріңін  сүйіп оқитын кітаптарын оқып беріп, оқушылардың  оқу сауаттылығын жетілдіру, жастарды кітап оқуға баулу тақырыбында сөз қозғады.
"Құстар табиғат көркі"
19
апрель
2024
"Құстар табиғат көркі"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте тәлімгер Ш.Наурызбайдың ұйымдастыруымен  оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу мақсатында, "Құстар табиғат көркі" тақырыбында оқушыларға құстар туралы әңгіме жүргізіп, құстарға ұяшықтар жасалды.
"Жігіт сұлтаны-2024"
19
апрель
2024
"Жігіт сұлтаны-2024"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте,  Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу мақсатында мектеп тәлімгері Ш.Наурызбайдың  ұйымдастыруымен 5 сынып оқушылары арасында "Жігіт сұлтаны-2024" байқауы өткізілді
"Таза өлке",
17
апрель
2024
"Таза өлке",
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебі "Таза Қазақстан" атты 5 апталық  республикалық экологиялық  акциясы аясында "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ" апталықтарына ат салысып өз аумағындағы тазалау, тарихи-мәдени ескерткіштердің ауласын абаттандыру, көшет және тал отырғызу, әктеу жұмыстарын жүргізу арқылы өз үлестерін косты
"Қазақ есебі" челленджі
15
апрель
2024
"Қазақ есебі" челленджі
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде физика-математика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешіп, оқушылардың креативті және сыни ойлауын дамыту мақсатында Г. Тілікбаеваның ұйымдастыруымен "Қазақ есебі" челленджі өткізілді.
"Шахмат ойнау" челленджі
12
апрель
2024
"Шахмат ойнау" челленджі
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде 12.04.2024ж. күні "Тоғыз айға - тоғыз іс-шара" тұжырымдамасы аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Шериеваның жетекшілігімен оқушылардың зияткерлік қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту, шахмат ойнауға деген қызығушылығын қалыптастыру мен насихаттау  мақсатында "Шахмат ойнау" челленджі өткізілді.