Іс-шаралар » Страница 11 » СШ А.Даулетбеков
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлттық құңдылықты»
19
март
2024
«Ұлттық құңдылықты»
НАУРЫЗНАМА Қазақстандағы  Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы бойынша 20 наурыз – Ұлттық спорт күні.  Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Ұлттық құңдылықты» дәріптеу мақсатында Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте ұлттық спорттан ұстаздар мен оқушылар арасында мерекелік түрлі жарыстар өткізілді
Ұлттық өнер"
19
март
2024
Ұлттық өнер"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде "Төрт тоқсан - төрт өнер" Ұлттық мәдени - ағартушылық жобаның тұжырымдамасы аясында ұрпақтар сабақтастығын дамыту, оқушылардың ұлттық өнерге, халық шығармашылығына мемлекеттің, қоғамның, отбасының, тұлғаның мәдени игілігі ретінде құндылық қатынасын тәрбиелеу мақсатында көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Қ. Тұрлыбек пен  Л. Байболатованың ұйымдастыруымен "Ұлттық өнер" көрмесі өткізілді.
"Халқым деп соққан жүрегі қазаққа туған ұл еді"
19
март
2024
"Халқым деп соққан жүрегі қазаққа туған ұл еді"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай, биология пәнінің мұғалімі Ж. Баймағамбетованың ұйымдастыруымен "Ж. Аймауытовтың өмір жолы" тақырыбында ақпараттық сағат, Г. Тоқбергенованың жетекшілігімен "Ж. Аймауытовтың педагогикаға қосқан үлесі" тақырыбында дөңгелек үстел, кітапханашы А.Сералиеваның ұйымдастыруымен "Халқым деп соққан жүрегі қазаққа туған ұл еді" тақырыбында еске алу бұрышы жасалып өткізілді.
"Домбырашылар"
18
март
2024
"Домбырашылар"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде "Тоғыз айға - тоғыз іс-шара" тұжырымдамасы аясында оқушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани - адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау мақсатында "Домбырашылар" челленджі өткізілді.
"Бейімбет Майлиннің  шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мән
18
март
2024
"Бейімбет Майлиннің шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мән
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай жазушының шығармашылығымен, өмірімен таныстырып, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында А. Атшабарова мен Г. Тоқбергенованың ұйымдастыруымен "Бейімбеттің билігі" тақырыбында еске алу кеші, "Бейімбет Майлиннің шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні" тақырыбында талқылау және "Қазақтың үш бәйтерегі" атты фото көрме  өтті.
'Қазақ  эпостары мен жырлары
18
март
2024
'Қазақ эпостары мен жырлары
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте кітапханашы А.Сералиеваның ұйымдастыруымен 'Қазақ  эпостары мен жырлары үзінділерін мәнерлеп оқу 8 сынып оқушылары арасында өткізілді.    Эпостық жырлар. Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы-эпостық жырлар.Эпос деп оқиғасы ел өмірінен алынып, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. 12.03.2024ж
Қазағымның қазынасы домбыра"
18
март
2024
Қазағымның қазынасы домбыра"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 'Қазағымның қазынасы домбыра" тақырыбында домбыра пати ұйымдастырылды.             Мақсаты: Ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға оқушылардың қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Қазақ халқының ұлттық өнерін құрметтеу
Шаңырақ күні,
15
март
2024
Шаңырақ күні,
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектеп НАУРЫЗНАМА  Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы бойынша, 17 наурыз - Шаңырақ күні, Босағаларыңыз берік, шаңырақтарыңыз биік болсын. Сырты малға, іші жанға, құт-береке, бақ, дәулет,бақыт, қуанышқа толсын.
"QH Жаздық жолдама - 2024"
15
март
2024
"QH Жаздық жолдама - 2024"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Наурыз - мерекесі аясында өткен   "Қайырымдылық"  күніне орай,  балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында  "QH Жаздық жолдама - 2024"  қайырымдылық жобасы бойынша Берікқара ауылдық округі әкімшілігінің атынан,  бас маман А.Е.Қуатбеков мектеп директоры Е.С.Ияукуловқа  6 жолдама  сертификатын табыс етті.
"Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге"
14
март
2024
"Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде 22 наурыз "Ұлыстың Ұлы күніне орай, тәрбие бірлестігінің ұйымдастыруымен 14-наурыз  күні "Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге" тақырыбында  ақ бауырсақ  мерекесіне арналған іс шара өткізілді.     «Ұлттық құңдылықты» дәріптеу мақсатында  Нанды қастерлеуге, ас атасы нан екендігін,  нанның адам өміріндегі маңызды ас және нанның дастарханға көптеген еңбекпен келетіндігін ұғындыру.