Халықаралық интернетсіз күніне арналған іс-шара
Халықаралық интернетсіз күніне арналған
«МЕН OFFLINE (ОФФЛАЙН)» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛАЛАР АКЦИЯСЫ
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте 2020 жылдың 13-24 қаңтар аралығында "МЕН OFFLINE (ОФФЛАЙН)" республикалық кең ауқымды балалар акциясы шеңберінде бірнеше іс-шара өтті. 1-4 cыныптар «Бір күнімді ғаламторсыз қалай өткіздім?» атты суреттер және қабырға газеттер сайысы, жоғары сынып оқушылары арасында «Мен оффлайн» тақырыбында эссе жазу сайысы өтті.
Апта басы ғаламторсыз өтетін Халықаралық бір күнге арналған саптүзеу өткізуден басталды. Саптүзеуде оқушыларға осы күннің мақсаты айтылып, жыл сайын қаңтар айының әр соңғы жексенбісі осы күннің аталып өтілетіні айтылды.
Сайыс жеңімпаздары марапатталды. Тәрбие сабақтарында ХХІ ғасырдың басты мәселесі әлеуметтік желілердің зияны, дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам баласына тигізетін кері әсері туралы бейнеролик тамашаланды.