26
сентябрь
2024
мектепшілік ата-аналар жиналысы
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебі» КММ-де 26 қыркүйек күні мектепшілік ата-аналар жиналысы болып өтті.
Күн тәртібінде:
1. «Оқушылардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі» ДТІЖО Д.Джумагулова
Учаскелік инспекторы полиция капитаны:Айманов Руслан Болатұлы
2. «Суицидтік мінез құлықты алдын алу профилактикасы» Психолог: А.Әзімқұл
3. Әр түрлі мәселелер
Қатысқандар
1. ДТІЖО: Д.Джумагулова
2. ДҚТІЖО: В.Шынарбекова
3. Учаскелік инспектор: Р.Айманов
4. Педагог-психолог:А.Әзімқұл
5. Сынып жетекшілер
6. Ата - аналар
ДТІЖО: Д.Джумагулова ата -аналарға қазіргі таңда белең алып отырған әлеуметтік желідегі балалардың қауіпсіздік мәселесі бойынша тоқталып, әлеуметтік желілерді жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіретін түрлі ойындардың пайда болып жатқанын атап айтты. Мәселен Telegram, Tik Tok әлеукметтік желілерінен «Бізбен ойна!» деген шақыртулар келуі ықтимал. Мұндай үндеулерді Ozon-да сатылатын 18+ кітаптардан табуға болатынын айтып, бұлардың ең қауіптісі «Тихи дом», «Разбуди меня в 4:20», «Море китов», «Синий кит», «Красный дельфин», «Млечный путь» болып табылатындығы және осылардан балаларды қорғау үшін ата-ана тарапынан балаларға ерекше көңіл бөліп, оның зиян екендігін түсіндіру қажет екендігі жайлы айтылды.
Учаскелік инспекторы полиция капитаны Айманов Руслан Болатұлы осы Берікқара ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы екенін таныстырып өтті. Кәмілеттік жасқа толмаған балаларға ата-ана жауапты екенін және беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуін. Қадағалау керектігі жайлы айтып өтті.
“Суицидтік мінез құлықтың алдын алу профилактикасы» бойынша психолог: А.Әзімқұл баяндамасында мектепте тәртіпке бағынбайтын оқушы жоқ. Әр оқушы жеке тұлға. Өз-өзіне қол жұмсау қандай уақытта туындайды, ол көбінесе жасөспірісдер арасында орын алады. Олардың арасында баянсыз махаббат, ата-аналардың арасындағы келіспеушіліктер, отбасындағы келеңсіздіктер, баланың кемшіліктерін бетіне баса беру, жалғыздық, түсінбеушілік сияқты жағдайлар кезінде жасөспірім осындай жағдайға баруы мүмкін сондықтанда баланың жанынан табылып, көңіл күйіне көңіл бөліп, сөйлесіп, достары туралы сұрап отырсаңыздар бала ешуақытта бұндай жағдайға бармайды. Балаларыңызды құшақтаңыздар, сүйіңіздер,сөйлесіңіздер деп кеңес берді.