01
сентябрь
2024
"Мектебім - мейірім мекені"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде 2024 - 2025 оқу жылының басталуына орай, 1 қыркүйек 1, 9 және 11 сынып оқушылары арасында "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиында мектеп директоры Ияукулов Ержігіт Серғұлұлы құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Джумагулова мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді құттықтап, мектеп формасының қатаң сақтау керек екендігін ескертті.