17
ноябрь
2023
"Кербез Көкшенің ақиығы-Сәкен Сейфуллин"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектебінде, халқы үшін ерен еңбек сіңірген қоғам қайраткері ,ақын С.Сейфуллиннің азаматтық тұлғасын таныту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г.Тоқбергенова, А.Атшабарова мен кітапханашы А.Сералиеваның ұйымдастыруымен "Кербез Көкшенің ақиығы-Сәкен Сейфуллин" тақырыбында 8-9 сыныптардың қатысуымен әдеби кеш өткізілді. Кеште ақынның жырлары оқылып, би биленіп ,ақын шығармашылығы жайында сұрақтар қойылды. Кеш жоғары дәрежеде , қызықты өтті