29
сентябрь
2023
Қарттарымыз – қазынамыз"
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектепте тәлімгер Ш.Наурызбай және 7 а,ә сынып жетекшілері А.Шериева, Г.Өмірбекованың ұйымдастыруымен 1 қазан қарттар күніне орай, ауылымыздың қариялары Жамбыл атамызға және Ақбаршын апамызға мектебіміздің Жасұландықтары көмек көрсетіп, алғысын, қарияларымыздың батасын алып қайтты. Қарттарымыз – қазынамыз" дейтін халықпыз. Ақылы дария қарттарымыздың халықаралық мерекесі біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде аталып өтеді. Бұл күні алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі, қарияларымыз аман болсын.