Конституционные реформы » СШ А.Даулетбеков
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конституционные реформы
24
май
2022

Конституционные реформы

Референдум дегеніміз халықтың саяси еркін тікелей білдіретін құрал болғанымен, біз сияқты тәуелсіздіктен кейін өмірге араласқан ұрпақ оны мүлдем көрген жоқ. Халық ұзақ жылдар бойы саяси процестерден шеттеп қалды. Мемлекет тағдырын шешу — ат төбеліндей азғантай топтың ғана құзырында болды.

Осының барлығын ескере отырып, кешегі жарияланған саяси жаңаруды жұртымыз тікелей түйсініп, өз болашағы өз қолында екенін сезіну үшін бүгін бізге осындай зор тарихи мүмкіндік беріліп отыр деп есептеймін.

Біз осы мүмкіндікті барынша ұтымды пайдаланып, демократиялық жаңғыру жолына түссек екен деген тілегім бар.

***


Референдум – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салатын демократияның бір көрінісі. Осы жылы елімізде Ата заңға өзгерістер бойынша референдум өтпек. Осылайша Ата заңның үштен бір бөліміне өзгеріс енбек. Сонымен «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» формуласынан тұратын мемлекеттік басқарудың моделін қалыптастыру халықтың талқысына ұсынылмақ.

Елімізде «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң 1995 жылдың қарашасында қабылданған. Міне, содан бері Ата заңға төрт рет өзгеріс енгізілсе де, конституциялық түзетулерге қатысты референдум ұйымдастырылмады. Бұл жолғы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасы «Жаңа Қазақстанды» құрудағы алғашқы қадамы деп білемін.

Осы ретте геосаяси ахуал күрделі кезеңде Қазақ елі өзара құрметпен, жоғары саяси мәдениетпен референдумға белсене қатысады деп сенемін.


***

Жаңа Қазақстанды жаңғыртуды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциядан бастауы әділеттіліктің нышаны деп қабылдадық. Өзі айтқандай, бұл түзетулердің тарихи маңызы бар. Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Референдум Ата заңымыздағы реформаларға байланысты өткізілмек. «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп атап өтті Президент. Жаңа Қазақстанның ілгерілеуі үшін этностар да белсенді болуы аса қажет. Жалпыхалықтық референдум өткізу – Жаңа Қазақстанға бағытталған дұрыс шешім деп ойлаймын.

***


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев конституциялық өзгерістер бойынша жалпыұлттық референдум өтетін күнді жариялады. Референдум 5 маусымға белгіленді.

Референдум өз уақытында қабылданды. Халық қуана қолдауда. Мемлекеттік Тілге басты басымдылық, ұлттық қауіпсіздіктің қорғалуына назар аударып, ұлттық өркениеттің Жаңа Қазақстанның ел сенімінен шығатын Заң болады деп сенім артамыз.

Мен референдумды қолдаймын. Дауыс беруге барамын. Бәріңізді шақырамын!


***

«Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет», деген Президент Конституцияның үштен бірі халық қалаған өзгерістер негізінде реформаланатынын жеткізді. Бұл – ауқымды өзгеріс, ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Барлық өзгеріс пен толықтырудың елдің талап-тілегі арқылы жүзеге асатынын жеткізген Мемлекет басшысы 5 маусымда республикалық референдум өткізуді дұрыс деп тапты.

Бұл – барлық реформаның елдің пікірі арқылы ғана қолданысқа енетінін білдіреді. Сондай-ақ бұл бастамалар Президенттің өкілеттіліктерін күшейтуге емес, ықпалды Парламент құру арқылы қоғам үнін ескеретін Үкіметті қалыптастырудың алғышарты екені айдан анық. Қалай десек те алдағы өзгерістер ел тарихындағы аса жауапты, маңызды кезең болары анық. Сөз жүзіндегі емес, халық игілігін көретін, ширек ғасырдан астам уақытта қол жеткізген құндылықтарымызды қастерлеу арқылы жаңа белеске қадам басатын Жаңа Қазақстанның болашағы үшін әрбіріміз референдумға қатысып, өз таңдауымызды білдірейік. Бұл – біздің азаматтық, осы елдің ертеңіне алаңдайтын перзенті ретіндегі борышымыз.


***

РЕФЕРЕНДУМ - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТАМАСЫ

Елімізде биыл өтетін республикалық референдум ауқымды тарихи оқиға болмақ. Себебі, референдум қорытындысының негізінде ел Конституциясының үштен бір бөлігі өзгереді, сөйтіп мемлекеттің одан әрі дамуының бағыт-бағдары айқындалады. Ал туған елі мен жерінің болашағы ойландыратын әр азаматтың мұндай жауапты сәттен шет қала алмасы анық.

***

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі-жаңа Қазақстанның негізі» деп атап өтіп, Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынған болатын. Онда 33 бапқа 56 түзету енгізу жоспарланған.

Осыған орай халық арасында референдум бойынша үгіт-насихат жүргізу мақсатында Мәжіліс Парламентінің депутаты Осин Шамиль Абзалетдинович Саран қаласында кездесулер өткізді. Алғашқы кездесу Саран қаласының мәдениет үйінде қала жұртшылығымен орын алды. Кездесу барысында Мәжіліс Парламентінің депутаты референдум өткізу әрбір қазақстандыққа елдің болашақ тағдырын шешуге жеке өзі қатысуға және жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Кездесу кезінде қала жұртшылығы референдум бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, қала тұрғындарын мазалап жүрген мәселелермен бөлісті. Аталған мәселелердің арасында баға белгілеу және жалақыны көтеру, мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдерін оңтайландыру, шахталарда еңбек етушілері үшін зейнеткерлік жасты төмендету бойынша сұрақтар талқыланып, Мәжіліс депутаты тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді.

Қалалық жұртшылықпен кездесуден кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Саран қаласының А. Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде педагогикалық ұжыммен және студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ш.А.Осинь өз сөзінде бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің айқын көрінісі болатынын және аталған конституциялық реформалар «мемлекеттің саяси моделін жүйелі түрде трансформациялауға» бағытталған және «билік тармақтары арасындағы қатынасты жетілдіріп, халықтың ел басқару ісіне араласу мүмкіндігін кеңейтуі тиіс екенін атап өтті.

Жалпы, жиын қатысушылары елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, Конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беруіне ықыластарын білдірді.

Жалпыхалықтық референдум жаңа Қазақстанды дамытудағы салмақты қадам болуға тиіс.


***

Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдум өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Референдум Ата заңымыздағы реформаларға байланысты өткізілмек. «Біз Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп атап өтті Президент ерекше екендігін алға тартты.

Жалпы осы уақытқа дейін түрлі өзгерістер болды. «Елу жылда ел жаңа» демекші қала мен ауыл да, саясат пен мәдениетте, сол сияқты Ата заң бұған дейін де талай рет өзгерген. Бірақ бұл өзгерістің өңі де мәні де ерекше. Өйткені халықпен етене байланысы бар. Қарапайым халықтың пікірін сұрайтын өзгеріс.


***

Референдумға қатысып, ой-пікірлеріңізді ашық айту, қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін естен шығармаңыздар. Бәріміз бір кісідей жұмылсақ қана өзіміз қалағандай Қазақстанды құра аламыз. Бұл дегеніміз – тарихи сәт. Өзге¬ріс¬тердің ең негізгілеріне «суперпре-зиденттік» басқару үлгісінен алшақтауды айтуға болады. Ата Заңға сәйкес ол барлық азамат үшін тең мүмкіндіктердің кепілі болуға тиіс.

***

2022 жылғы 5 маусымға белгіленген биылғы референдум да елімізде болатын Конституциялық өзгерістерді бүкіл халық болып қабылдауға арналып отыр. Бұл өзгерістер еліміздің демократиялық дамуын жеделдетуге, жоғары саяси билікке либералды-демократиялық өзгерістер енгізуге, адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жетілдіруге, халық өкілеттілігі органы Парламентті күшейтуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасының халқы республикалық референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасаулары қажет. Мемлекет басшысының ұсынысын яғни, референдумды қолдаймын. Әділетті, жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

***

Қасым -Жомарт Тоқаев ҚХА сессиясында конституцияға енетін өзгерістерді жалпы халықтың таңдауына беріп, референдум өткізуді ұсынды. Бұл ұсынысқа келісемін. Референдум билікке ел сенімін күшейтеді. Референдумды қолдаймын.

***

"Жеті түрлі ілім біл, жеті жұрттың тілін біл"! Қазір дамыған мемлекеттерде екі, үш, тіпті одан да көп тілдерді білу- таңқаларлық жайт емес. Мысалы, еуропалықтардың көптілділігі бізге жақсы таныс, олар өз ана тілінен басқа көрші елдердің тілдерінде және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Бұл мәдени, білімді адамның символы. Неліктен бізде посткеңестік кеңістікте әлі де "тілдік сұрақ" деген ұғым бар?  Ал енді бүкілхалықтық референдумда қабылдануға тиіс ұсынылып отырған Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясында тіл мәселесі көтерілмейді. Яғни, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі, орыс тілінің ресми тіл ретіндегі мәртебесі өзгеріссіз қалады. Мұны құптау керек! Украинаның айналасындағы тілдік патрульдерден басталған жағдайды мысалға ала отырып, біз, қазақстандықтар, бейбіт көпұлтты елді бөлшектеуге ниет білдірушілердің тілдік мәселені өз мүдделері үшін қаншалықты оңай пайдалана алатындығын түсінуіміз керек. Біз қазір елді монополиясыздандыру, жер қойнауымыздың байлығын қалай әділ бөлу, суперпрезиденттік басқару нысанынан алыстау және қарапайым халыққа көбірек еркіндік беру сияқты өзекті мәселені шешу үшін бірігуіміз керек. Дәл осы мәселелер Қазақстан Конституциясына енгізілген түзетулерде ескерілген, біз ү. ж. 5 маусымдағы референдумда келіп, оларға дауыс беруіміз керек.

***

Ел тағдыры шешілетін күн баршамызға ортақ. Ата заңымызға өзгерістер енгізілетін референдумды бірге жасайық, бірге жазайық, халайық!


***

Референдум – келешектің кепілі. Осы жылдың 5 маусымында конституцияға енгізілетін өзгерістерге орай жалпыхалықтық референдум өтеді.


***

Барлықтарыңыз білетіндей 5 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы конституциялық түзетулерді қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан үшін бұл тарихи оқиға.


***

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ата Заңға өзгерістер енгізу жөнінде мамыр айында референдум өткізуді ұсынды. Ата заңға өзгеріс енгізу туралы соңғы рет 1995 жылы болған болатын, жасыратыны жоқ бұл жолғы референдум ел тарихында елеулі жаңалық болды.Әлеуметтік желіде халықтың пікірі сан алуан.Ата-заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Әрине бұл  мақсатқа жету үшін билік өкілдерінің  халық үніне құлақ асып, елдің пікірін ескеруі қоғамның билікке деген сенімін күшейтеді. Осыған дейін халықтың пікірімен ешкім санасқан емес, жоғарыдағы атқамінер депутаттар өздері бірауыздан қолдап, өздерінің оң жамбастарына қарай өзгертіп жүрді. Сондықтан да жаңалықты естіген жұртшылық мемлекет халық үніне құлақ асатын болғандайма деген таңданыстарын да  айтып, көзғарастарын  жеткізіп жатқандар жоқ емес. Шын мәнінде ата заңға өзгеріс енгізу халық үшін таңсық   емес, бұған дейін де халықпен санаспастан неше мәрте өзгеріс енгізіліп жүрді ғой. Дегенмен Президент өз ұсынысында: «Біз Екінші республиканы бірге құрамыз. Жаңа Қазақстанды бірге өркендетеміз.Әр азаматқа мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!» деп айтқан еді.   Президент халықпен бірге екенін қанша рет айтты да, іспен дәлелдеді де. 

Мен де Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Референдумды қолдаймын, бұл халықтың көптен күткені.Себебі, демократия осыдан көрініс табады деп есептеймін.

 Ата заңымызға референдум арқылы өзгерістер енгізу керек екендігін қолдаймын. Өйткені халық арасында дұрыс пікір, дұрыс әрекет болуы үшін әрбір заңымызды халық өзі қабылдау керек деп ойлаймын.

Дегенмен, күдік те жоқ емес, осыған дейін халықтың сенімін таптаған көзбояушылықтар болды ғой, сондықтан да  бармақ басты, көз қыстыға салмаса екен  деген тілек бізде.


***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған бейнеүндеуінде Ата заңымызға өзгерістер енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. 2022 жылдың 5 маусымында өтетін Референдум аясында Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жасалатын өзгерістер – жаңа Қазақстанның тұрақты даму жолында қабылданатын маңызды қадам болғалы отыр. "Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сол себепті, мен республикалық референдум өткізу туралы бастама көтердім. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс", – деді мемлекет басшысы.

***

Алдағы референдум Жаңа Қазақстанның болашағын айқындайды.  Әрбір азаматымыз дауыс беру арқылы осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлестерін қоса алады" .Жаңа Қазақстанда бірге құрайық! Өз Отанының тағдырына бей-жай қарай алмайтын барлықтарыңызды 5 маусымда референдумға барып,   азаматтық көзқарасын білдіруге шақырамын.

***

Қазақстанның қазіргі Конституциясында 99 бап бар. Республикалық референдумда оның үштен бір бөлігіне, яғни 33 бабына өзгерістер енгізу ұсынылатын болады. Соның ішінде, суперпрезиденттік басқару моделінен біржола бас тартып, президенттік республика моделіне өту жергілікті жерлердегі билік тармақтарының дербестігі мен пәрменділігін күшейте түседі. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімін тағайындау тәртібі өзгереді. Облыс деңгейінде әкімдердің кандидатуралары енді мәслихаттармен келісілетін болады, яғни аудандардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттары Президент ұсынған кандидатуралардың ішінен әкімді таңдайтын болады. Мәслихаттар ұсынылған үміткерлер тізімімен келіспеуі де мүмкін. Бұл да Президенттің шектен тыс өкілеттігін қысқартудың бір тармағы. Ал жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізілуде. Өткен жылы ауыл әкімдерін сайлау өткізілді. 2025 жылдан бастап облыстық маңызы бар аудандар мен қалалар әкімдерінің сайлауы өткізіледі. Референдумда Конституцияға енгізілетін осы және басқа да өзгерістерді халық жақтап дауыс берсе, онда ұсынылған саяси модель жүзеге асырылады. Егер қарсы дауыс берсе, Ата Заңға түзетулер қабылданбайды. Сондықтан референдумда дауыс беру арқылы тиісті таңдау жасау қазақстандықтардың өз қолында.


***

5 маусымда Қазақстанда жалпыхалықтық референдум өтеді. Оған шығарылатын мәселе – ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар негізінде әзірленген. Мемлекет басшысының саяси реформалары Қазақстанда жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, қоғам мен билік арасында оңтайлы диалог құруды көздейді. Оған бірінші кезекте суперпрезиденттік басқару жүйесінен бас тарту баса ықпал етпек. Осылайша, қолданыстағы саяси модель түбегейлі трансформацияға ұшырайды. Бұл қазақстандықтардың басты мүдделерін қорғаудың күшеюіне әкеледі. Конституцияға енгізілетін өзгерістер азаматтардың пікірлері мен сұраныстарына негізделген. 

Сондықтан қазақстандықтардың референдумға қатысу белсенділігі жоғары болатынына сенім білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев.


***

5 маусым – Қазақстанның жаңа тарихи кезеңінің парағы ашылатын күн. Қазақстан Президенті дәл осы күні Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. 

Конституциялық реформада Мемлекет басшысынан бастап, басқа да лауазымды тұлғаларға саяси партияларға мүшелік етуіне тыйым салу қарастырылған. Яғни, Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық Палатаның Төрағасы мен мүшелерінің саяси партия, кәсіподақ қатарында болуына,  қандай да бір партияны қолдауына тыйым салынады. 

Республикалық референдум кезінде өзінің дауыс беруге қатысу құқығы шектелді немесе бұзылды деп санаған азамат прокурор мен сотқа тікелей жүгіне алады.

Референдум өткізуді ұсыну арқылы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанда азаматтардың мемлекет ісіне араласуын күшейтуге ниеттестігін дәлелдеп отыр. 

Демократиялық құндылықтар осы референдум арқылы да жүзеге асырылмақ. 

Әр қазақстандықтың референдумға қатысумен саяси белсенділік танытуы ел тағдырын айқындайды.

***

Қазақстан Президенті Мәскеуде ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысты. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессия Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілік пен тұрақтылықты, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті сақтау, мүше мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау ҰҚШҰ-ның басты міндеті екенін айтты. Президент ҰҚШҰ-ның күштік, құқық қорғау және бітімгершілік әлеуетін күшейту мәселесіне тоқталды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 1992 жылғы 15 мамырда қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт негізінде құрылған халықаралық қауіпсіздік саласындағы халықаралық өңірлік ұйым. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдері мүше. 

ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаты – халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық негізде қорғау. Соның ішінде ұйым халықаралық лаңкестік және экстремизммен күреседі. Қазақстандағы биылғы қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚШҰ өзінің бітімгерлік миссиясын орындауда барынша тиімді жұмыс істейтін ұйым екенін көрсетті. 

Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық мәлімдемесін қабылдады.


***

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысты. Жиында сөйлеген сөзінде Президент халықаралық терроризм мен экстремизмге, есірткі және қару-жарақ айналымына, заңсыз көші-қонға тоқталды. Соның ішінде Ауғанстандағы ахуалдың өршуіне қарсы іс-қимылға ерекше назар аударды.  

Биыл қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болды. ҰҚШҰ көмегіне жүгіну ішкі және халықаралық нормаларға сай жүзеге асырылды. 

Бітімгершілік күштері елімізде еш оқ атқан жоқ, тек стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетті.  Жағдай тұрақтанған соң олар Қазақстаннан толық шығарылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық контингент жұмысының тиімділігі мен әлеуетін атап өтіп, оның Қазақстандағы бітімгерлік миссиясына оң баға берді.

Осы оқиғалардан кейін Президент геосаяси жағдай мен өзекті сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстанның Қарулы Күштерінің әскери дайындығын түбегейлі жаңғыртуды жүктеді. Оның ішінде Қазақстан армиясының техникалық және жауынгерлік жабдықтарын жаңарту міндетін қойды. Қарулы Күштерді заманауи, жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықтауды тапсырған Президент оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті де дамыту қажет деді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қасіретті қаңтар оқиғаларының сабағын ескере отырып, қару-жарақ және әскери техника сатып алудың биылғы жылғы жоспарын қайта қарауды, Қазақстанның Қарулы Күштерінің кадрлық әлеуетін арттыруды тапсырды.


***

Қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының көмегіне жүгінді. 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ықтимал қауіп-қатерлерді ескеріп, ҰҚШҰ Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуге назар аударды. 

Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болғанын, мемлекетке сатқындық жасағандардың ішінде әскери және арнаулы органдар басшылары болғанын айтты Президент. Олар күштік құрылымдардың іс- қимылына кедергі келтіріп, қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді, байланыс арналарын өз бақылауына алды. Сөйтіп, елді ыдырату үшін барлық тәсілді қолданды. Салдарынан Қазақстан өзі құрамына кіретін көптарапты қарулы контингент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Ұйым Қазақстанға барынша қолдау көрсетті.

***

Мәскеуде өткен ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 30 жыл ішінде одан әрі даму үшін әлеуеті зор көпжақты ынтымақтастық тетігі ретінде қалыптасқанын атап өтті. Президент ҰҚШҰ жұмыс органдарының жұмысының табыстылығына, сондай-ақ Ұйымның күштік, құқық қорғау және бітімгершілік әлеуетін күшейтуге тоқталды. Ол ҰҚШҰ-ны нығайту және бейбітшілік жолында халықаралық бітімгершілік операцияларға қатысу тәжірибесімен қамту үшін оны БҰҰ-ның бітімгершілік қызметімен байланыстыруды ұсынды.  

Биыл қаңтар оқиғалары кезінде түрлі қауесеттің алдын алу үшін Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жұмысына жеке тоқталды. Қазақстан ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын осы ұйымның толыққанды құрылтайшысының бірі. 

Қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге келіп, стратегиялық нысандарды күзетіп, қолдау көрсетті. Ал лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асырды. Солардың жанкешті әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілмегенін атап өтті сонда Президент.


***

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде Владимир Путинмен кездесу өткізді. ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитінен кейін Мемлекет басшылары күн тәртібіндегі екіжақты өзекті мәселелерді, оның ішінде Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын талқылады.

Қазіргі күрделі халықаралық ахуалға қарамастан, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқыны оң. 

Қос тарапқа да қатысты экономикалық мәселелер биыл күзде Орынбор қаласында өтетін аймақаралық форумда талқыланады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің шақыруы бойынша маусым айында Петербургте өтетін экономикалық форумға қатысады. 

Қазақстан үшін Ресей басты сауда-экономикалық серіктес. Екі ел арасындағы тауар айналымы 25 миллиард долларға жетті, қазір машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі т.б. салаларда жалпы құны 4 миллиард долларды құрайтын 20 ірі жоба іске асырылуда. Ал ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасына 17 миллиард доллар инвестиция салды.

Қазақстан Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақ аясында да тығыз байланыс орнатқан. Өткен жылдың қорытындысы бойынша одақтың сыртқы сауда көлемі 34 пайыздан асты, ал ішкі сауда көлемі 67 пайызға жетті. Бұл Еуразиялық одақтың ішкі сауда-экономикалық байланыстарының нығайғанын көрсетеді. Өзара сауда-саттықты пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағыттары одақ аясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзегі болып қала береді.

***

Қазақстан Президенті Үкіметке Ресеймен сауда-экономикалық саладағы қарқынды және сауда, инвестициялар көлемін сақтап қана қоймай, оларды арттыру міндетін жүктеді. Қазіргі геосаяси жағдайға қарамастан бұл іске асырылуы тиіс. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде мәлімдеді. 

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды. Мемлекет басшысымен бірге барған сауда-экономика  саласына жауапты Премьер-министрдің бірінші орынбасары  бастаған Үкімет мүшелері де табысты келіссөздер жүргізді. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін Қазақстан Үкіметінің алдына Ресей Федерациясы Үкіметімен іскерлік бағытта жұмыс істеу міндеті қойылды. 

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 24,2 миллиард долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 29,1%-ға артық. Елдер арасындағы сауда көлемін алдағы жылдары 30 миллиард долларға ж

Похожие публикации:

03 апрель 2020 Сынып сағаттары
04 март 2019 телнұсқа
04 март 2019 үйден оқыту
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив